«Кенбай орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес уақытша бос лауазым орындарына, яғни Бастауыш сынып мұғалімі 1 ставка (16 сағат), бастауыш сынып мұғалімі 1 ставка (16 сағат), бастауыш сынып мұғалімі 1 ставка (16 сағат) мамыр айына дейін, Қазақ тілі 1 ставка (16 сағат) мамыр айына дейін конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагогмамандар хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
10.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
11.Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
12.Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;
Конкурсқа қатысушылардың құжаты конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурс 20 қазан күні өтеді. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы, Ш.Избасов көшесі, 3 үй. Телефон (71238) 71-3-96, +7701 4847869 мектеп директоры, +7778 602 1828 іс-қағаз жүргізуші.Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. «Кенбай орта мектебі» КММ конкурс құжаттарын осы мекенжайға жіберулеріңіз сұралады.












